Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жолдау-2026: ел дамуына бағытталған маңызды заң жобалары қаралады

  • 3
  • 30.10.2026, 18:22

30 жылдан астам қолданыста болған Азаматтық кодексті жаңарту – уақыт талабы. Одан басқа да кезек күттірмейтін құжаттар баршылық. Мәселен, «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» заңға тиісті түзетулер енгізу секілді маңызды жобаны да атап айтақ болады. Осылар және өзге де ел үшін маңызды заңдар бірер айда депутаттар талқысына түседі. 

Жолдауда айтылған міндет аз емес. Депутат Нұргүл Тау, елдің алдағы даму бағытын айқындайтын құжат жүктеген тапсырмаларды орындау біртіндеп іске асатынын айтады. Алдымен, әдеттегіше, әлеуметтік сала соның ішінде медицина да басымдыққа ие. 

Нұргул Тау, ҚР Құрылтайының депутаты:

- 8 периниталдық орталық салынады. 7 көпбейінді балаларға арналған ауруханалар салынады және ол тек қана үлкен қалаларда емес, бүкіл Қазақстандағы проблемаларды шешуге бағытталған. Бұл проблеманың шешілуі салынып біткеннен кейін жұмыс істеген де біз позитивті жақсы нәтижесін көреміз.

Бұл салада қандай ауқымды істердің атқарылатынын Президент нақтылап берді. Халыққа арнаған Жолдауында Ұлттық Қордан бөлінетін қомақты қаражатты игеру ісінде денсаулық сақтау жүйесі де басты назарда болатынын айтты. Салынатын жаңа нысандар «Халықтық құрылыс» аясында бой көтереді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді. Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады.

Медицинаны дамыту – күн тәртібінен түспейтін әлеуметтік бағыттың бірі. Ал қазіргі міндет – көз тартар көрікті ғимарат салудан өзге басы ауырып, балтыры сыздағанның бәріне сапалы шипа беретін емхана тұрғызу. Жетісу облысының орталығында қазірдің өзінде оңалту орталығы салынып жатыр.

Бұл бағыттағы маңызды жобаларды өңірлер Үкіметпен бірлесе іске асырады. Қазір тиісті министрлік салынатын нысандар тізімін анықтап жатыр

Дәулет Жақыпбаев, ҚР ДСМ инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары:

- Олар инфрақұрылымдық даму қоры және республикалық бюджет қаражатына салынады. 2030 жылға дейін бітуі керек. Кейбір объектілер қазіргі кезде салынып жатыр. Кейбіреуі осы биыл, келесі жылы басталады.

Ауқымды жұмыс бақылаусыз болмайды. Депуттар бұл ретте сайлаушылар, жергілікті жердегі билік өкілдерімен бірге қадағалауды іске асырады.

Нүргул Тау, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Ол сұрақты біз, әрине, бақылауға алып қарауымыз керек. Тек қана біз өзіміз қарамаймыз, әрине. Мәслихат бар, әкімдіктерге хат жолдаймыз.

Ал күнделікті өмірімізге ене бастаған жасанды интеллект пен цифрландыру ісін дамыту да – өзекті.

Владимир Киян, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Отандық ғылымға, инновацияны енгізбей,  технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру мүмкін емес. Осы мәселеге басымдық беру керек. Қазір жоғары оқу орындары мен бизнесті біріктіру маңызды. Себебі ғылым бюджетке түсетін шығын ретінде қарастырылмай, ауқымды мәселені шеше алатындай сала болуы керек. Ауыл шаруашылық кешені, өндіріс, су ресурстары, қайта өңдеу салаларына көңіл бөлу керек. 

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

-Президент Жолдауы жүктеген міндеттерге орай Құрылтайда қызу жұмыс басталды. Комитеттердің отырысында ауқымды әрі маңызды істерді атқару жайы талқыға түсуде. Ал келер жылдан бастап бірқатар заң жобасы қаралады. Оның ішінде  кәсіпкерлікке қатысты үш жылдық мараторий енгізу мәселесі де бар.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Аманжол Байғазин