Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Аты-жөнді неше рет өзгертуге болады?

  • 3
  • 30.10.2026, 18:27

Биыл 9 ай ішінде 14 мыңнан астам қазақстандық өз аты-жөнін өзгертуге өтінім берген. Олар мұндай шешімін түрлі себеппен байланыстырады. Бірі орфографиялық қатені түзетуге тырысса, енді бірі есімін ауыстырғысы келеді. Сонымен, адам есім сойын қандай жағдайда және қанша рет өзгертуіне болады? 

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Елде аты-жөнін өзгертуге қатысты өтінім жиі түседі. Кейбірі орфографиялық қатені түзетуді қаласа, кейбірі есім сойын түгел ауыстыруға ниетті. Бұған заңмен тыйым салынбаған. 16 жасқа толған кез келген азамат тиісті мекемеге өтінім жолдай алады.

Асылбек Данияр, журналист:

- Атымды жіңішке әріптермен айтып, Әсілбек деп жіберген ғой. Сөйтіп құжатқа солай жазылып кеткен. Шынымды айтсам, Әсілбек деген атпен жүру ыңғайсыз болды. Ата-анама бірнеше рет айтып көрдім атымды Асылбек деп ауыстырайықшы деген секілді. Рұқсат берді. Бірден ХҚКО-ға туу туралы куәлігіммен  бардым. Процесс әрі кетсе, 1-2 аптаға ғана созылды.

Неке және отбасы туралы Кодекске сәйкес, адам аты-жөнін 13 түрлі себеппен өзгертіне болады. Алғашқысы – есім сойы айтуға қиын және оғаш естілуі. Одан кейінгі 6 тармақ адам тегіндегі түзетулермен байланысты. Сегізінші себеп – орфографиялық қателерді түзету. Одан кейін екі есімді бөлек немесе сызықша арқылы жазу. Оныншысы – құжаттағы есімді күнделікті өмірде қолданылатын есіммен алмастыру. Сонымен қатар бала асырап алу және ата-анасының аты-жөні өзгеруі құжат ауыстыруға негіз болады. Бұған қоса, жынысын хирургиялық жолмен өзгерткендер де өзі таңдаған есімді ала алады.

Алтынгүл Тыныштықова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тіркеу қызметі департаментінің бас менеджері:

- Тегін, атын және әкесінің атын өзгерту бойынша азаматтар осы Кодекстің 257-бабына сәйкес тіркеуші органдарға жүгінеді. Көбіне азаматтар ата-аналарының ұлттары әртүрлі болуына байланысты белгілі бір ұлттың есімін алғысы келгенде, сондай-ақ құжаттарда көрсетілген есімнен бөлек өмірде қалыптасқан есімді иеленгісі келгенде және өзге де негіздер ретінде өтініш береді.

Кез келген адам аты-жөнін неше рет өзгертсе де өз еркі. Заңмен шектеу қойылмаған. Тек төлқұжатпен бірге өзге де құжаттарды ауыстыруға тура келеді. Яғни көк паспорттан бастап көлік жүргізу куәлігі мен банк карталарына дейін жаңартуға дайын болыңыз.

Алтынгүл Тыныштықова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тіркеу қызметі департаментінің бас менеджері:

- Мемлекеттік корпорация жалпы тұрғыда статистика жүргізбейді. Дегенмен 2025 жылы тіркеуші органдар тегін, атын, әкесінің атын өзгерту бойынша туу, неке қию, неке бұзу туралы акт жазбаларына аты-жөнін өзгертуге байланысты 18 763 өтінімді қарады. Ал 2026 жылдың алғашқы 9 айында бұл көрсеткіш 14 162 болды.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

-Аты-жөнді өзгерту заң жүзінде жаңа адамға айналғаныңызды білдірмейді. Өйткені жеке сәйкестендіру нөмірі ешқашан өзгермейді. Мемлекеттік деректер базасында бұрынғы мәліметтер сақталып тұрады.

Авторлар: Еркебұлан Смадияров, Асхат Қарағойшиев, Қанат Махмұтов