«Ұшқан құстың қанаты талып, шапқан тұлпардың тұяғы тозатын кең-байтақ қазақ даласы біз үшін қасиет дарып, құт қонған киелі мекен. Отанымыздың қай қиыры да өзімізге ыстық», - дейді Қонаев тұрғындары. Олар ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпағына аманаттаған ұланғайыр елімізді мақтан етеді. Халқымыздың кеңпейілдігі мен қонақжайлығы бөлек әңгіме.
Қала тұрғындары тәуелсіз еліміздің ұлттық құндылықтарын, ақ бас шыңы аспанмен ас-тасқан таулары мен гүл жайнаған бауларын, суы мен нуын, тұмса табиғатын сүйетінін айтады.