Қызылордалық 6-18 жас аралығындағы оқушылар автобуста тегін жүреді
Мектепке қатынайтын 3,5 мың оқушыға енді ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2 651 теңге бөлінеді. Одан бөлек облыс орталығында жолаушылар тасымалымен айналысатын 600 транспорт құралына онлайн төлем қондырғысы орнатылады. Алдағы наурыз айының аяғында төлем карталары қолданысқа беріледі. Сол кезде қолма-қол төлем бағасы 150, ал электронды билет 80 теңге болады. Айта кетсек, қазіргі таңда жолақы ересектерге 90, оқушыларға 40 теңге.
Нұржамал Есқараева, Жұмыспен қамту және ӘБ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Бүгінгі таңда бізге хабарласқан 3 120 атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген отбасыларда 3,5 мың бала болса, 6-18 жас аралығындағы сол балаларға 10 млн 500 мың теңге ата-аналарының есепшотына аудару жұмыстары жүргізілуде.