Бизнес жүргізуде сыбайлас жемқорлық белең алды
Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кәсіпкерлердің IV форумында айтылды. Жалпы республика бойынша параның орташа мөлшері былтыр 205 мың теңгеге дейін өскен. «Ал 2018 жылы ол 193 мың теңгенің маңайында еді», – дейді мамандар.
Сыбайлас жемқорлық Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында көп екен. Енді осы кеселмен күресу үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге арнайы Жол картасын қабылдап, биыл соның аясында бірқатар шара атқармақ ниетте.
Ербол Өстеміров, ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы:
- 2019 жылы көптеген заңбұзушылық бойынша көп салаларды назарға алдық. Ветеринария саласы, санэпидемиология және мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы бойынша жұмыс жүргіздік. Оның ішінде көптеген заңбұзушылықты анықтадық. 2020 жылға әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының қызметін және білім деңгейін, жер саласын және құрылыс саласына талдаулар жасап, сол салаларда жемқорлықтың деңгейін төмендетуде іс-шаралар қолданамыз.