Мектеп оқушылары ертегілер еліне саяхат жасады
«Анамның ертегісі» фестиваліне 23 қала мен 17 ауыл мектебі қатысты. Бастауыш сыныптарда оқитын мыңнан аса оқушы «Тазша бала», «Алтын сақа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегілерін тамашалады. Шағын қойылымдар әзірленіп, викториналық сұрақтар қойылды.
Айдана Смағұлова, «Алтын алқа» иегері:
- «Мақта қыз бен мысық», «Алтын сақа» секілді қандай керемет ертегілер бар. Балалардың тіл байлықтары дамиды. Күнделікті үй тапсырмасынан кейін міндетті түрде ертегі айтамын.
Жанар Қожанова, №26 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:
- Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ертегілерін жандандыру және оқушылардың арасында насихаттау. Балаларымызға ертегіні әжелеріміз бен аналарымыздан артық ешкім жеткізе алмайды деп ойлаймын. Сол себепті бұл отбасылық тәрбиенің бір бөлшегі деп есептейміз.