Қарағанды облысында карантин жариялауға негіз жоқ
«Бұл – инфекция ошағы Қарағандыда емес», – деген сөз деп мәлімдеді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Коронавирус жұқтырған екі адам Франциядан келген қазақстандықтар екен. Қазір екі науқастың денсаулығы қалыпты, қажетті ем алуда.
Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- СOVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттен келген 12 қазақстандық борттағы басқалардан бөлек оқшауланды. Сәйкесінше жеке-жеке изоляторға жатқызылды. Вирус анықталған пациенттердің жағдайы орташа деуге болады. «Қазір облыста карантин жариялана ма?» деген сауал көп түсуде. Бірақ бұған негіз жоқ. Себебі сырқаттар ұшақтан түсіп, бірден оқшауланды. Сондықтан карантин жарияланбайды.