Тараз қаласының тігіншілері тегін бетперде таратуда
10 ісмер санаулы күн ішінде төрт мың бетперде әзірлеген. «Бұл тек бастамасы ғана», – дейді олар. Қажетті материалдың барлығын демеушілер алып берген. Айта кету керек, тігіншілердің қолынан шыққан бетперделерді жуып, бірнеше мәрте пайдалануға болады.
Алтынай Бикенова, тігінші:
- Осы уақытқа дейін мың дана тараттық. Көпбалалы отбасылар мен жағдайы төмен адамдарға таратылды. Енді қарттар үйі мен жетімдер үйіне береміз.