Хабар телеарнасы

4 сәуірден бастап Қазақстан шекарасындағы бірқатар өткізу бекеті жабылады

Shekara beketteri

Үкіметтің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріндегі автомобильдік өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» 30 наурыздағы №155 қаулысына сәйкес 4 сәуірден бастап мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелеріндегі автомобиль өткізу пунктілері уақытша жабылады.

Жабылатын өткізу бекеттерінің тізімі:

Қытай Халық Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пунктілері:

Қалжат – Алматы облысы

Бахты – Шығыс Қазақстан облысы

Майқапшағай – Шығыс Қазақстан облысы

 

Ресей Федерациясымен шектесетін шекарадағы өткізу пунктілері:

Қондыбай – Қостанай облысы

Ақбалшық – Қостанай облысы

Кызыл Жар – Солтүстік Қазақстан облысы

Найза – Павлодар облысы

Жезкент – Шығыс Қазақстан облысы

Байтанат – Шығыс Қазақстан облысы

Қоянбай – Шығыс Қазақстан облысы

Орда – Батыс Қазақстан облысы

Шаған – Батыс Қазақстан облысы

Қарашатау – Ақтөбе облысы

 

Қырғыз Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пунктілері:

Аухатты – Жамбыл облысы

Қордай – Жамбыл облысы

Сыпатай батыр – Жамбыл облысы

Сартөбе – Жамбыл облысы

Кеген – Алматы облысы

 

Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пунктілері:

Целинный – Түркістан облысы

Сырдария – Түркістан облысы