Хабар телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорын мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Оған қоса, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылданды.