Қ.Тоқаев: COVID-19 біздің табиғатқа ұқыпсыз қарайтынымызды көрсетті
Бұл туралы ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.
«Халықаралық Жер күнінде біз, адамдар, планетаны қоршаған ортаның ластануынан құтқару үшін бірігуіміз керек. COVID-19 біздің жауапсыздығымызды, табиғатқа ұқыпсыз қарайтынымызды көрсетті. Ұрпағымыз үшін осы әлемді таза әрі қауіпсіз күйінде сақтап қалайық», – деді Президент.