Өзбекстанда бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Апатқа кінәлі адамдарға «Тау, құрылыс немесе жарылу қауіпі бар жұмыстардың қауіпсіздік ережелерін бұзды» және «қызметіне салғырттық танытты» деген айыптар тағылады. Бұл туралы осы елдің Бас прокуратурасы хабарлады.
Қазір Өзбекстанда 400 құтқарушы төтенше жағдайдың салдарын жоюмен айналысып жатыр. Бұл іске Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері, Ұлттық гвардия сарбаздары мен басқа да қызметтердің күштері жұмылдырылды.
Бөгет маңындағы елді мекендерден 70 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Коммуникациялық желілер мен ауылшаруашылық алқаптарға зақым келгені белгілі. Ташкенттен Самарқанға апарар жол да сол себепті жабық.
Никита Макаренко, журналист:
- Мынау – Ташкентке апаратын бұрылыс. М-39 тас жолы қаншалықты зақымданғанын өздеріңіз де көріп отырсыздар. Өкінішке қарай, бұл жермен жүру мүмкін емес. Оны бастан-аяқ қалпына келтіру керек. Дегенмен Өзбекстанның бас шаһары мен Самарқан және басқа да қалалармен қатынас үзілмейді. Янгиер және Жизақ арқылы айналып өтуге болатынын ескертейін.