Е.Тоғжанов: Карантин шаралары маусым айының соңына дейін жалғасады
Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Ал жұмысбасты ата-аналар үшін балабақшаларда кезекші топтар құрылмақ. Мұнда санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Айта кетейін, қалыпты жұмысына тағы сән салондары, балаларды дамыту орталықтары мен 2 мың шаршы метрге дейін аумағы бар дүкендерде кіріседі. Сондай-ақ тұрғындардың саябақтарда да серуендеуіне рұқсат етіледі. Ал ойын-сауық орталықтары, қонақүйлер мен мейрамханалардың жұмысына шектеу қойылған. Ералы Тоғжановтың сөзінше, карантин шаралары маусым айының соңына дейін жалғаспақ. Тағы қалаларға кіреберістегі блок-бекеттерде әзірге алынбайтындығын айтты.
Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары:
- Блок-посттар бүгін болғанымен, егер Алматы қаласында тұрып, Алматы облысында жұмыс істейтін азаматтар болатын болса, не болмаса Алматы облысында тұрып, Алматы қаласында жұмыс істейтін болса, оларға жұмыстарына баруға мүмкіндік бар. Оларға ешқандай шектеу жоқ. Бірақ талаптар бар. Ол талаптар жұмыс беруші жұмыс істейтін азаматтың тізімін жасау керек. Ол тізімді екі жақты штабпен келісу керек.