Алматыда 214 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады
Бұдан былай халықты жұмыспен қамтудың «Жол картасы– 2020» бағдарламасын іске асыру аясында шаһарда 214 инфрақұрылымдық жоба қолға алынбақшы. Ол бойынша 26 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
Құрылысшы Самат Қанаев карантин кезінде жұмыссыз қалыпты. Екі баланың әкесі қол қусырып, қарап отырмай жұмыспен қамту орталығына барып, жағдайын айтқан. Көп ұзамай өзіне қолайлы жұмыс табылды. Екі жетіден бері қаланы абаттандыру мекемесінде еңбек етіп жүр. Балаларға арналған алаңқайды жасауға білек сыбана кірісіп кетті.
72 нфрақұрылымдық жоба бойынша бес мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазір оның 1813-і жұмысқа орналастырылған. «Бұл – жақсы көрсеткіш. Бағдарламаның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жастарды жұмыспен қамту», – дейді орталық басшысы.
Диляра Иманқұлова, Жұмыспен қамту орталығының басшысы:
- Төтенше жағдай енгізілген уақыттан бері бізге үш мыңнан астам адам хабарласып, жұмыс сұрады. «Еңбек» бағдарламасы бойынша оларға уақытша жұмыс істеуді ұсындық. Ол ең алдымен қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі, және әлеуметтік жұмыс орындары болды. Бұл бағдарлама кәсіпкерлерге де, жұмыс іздеген жандар үшін де өте тиімді деп санаймыз.
Жұмыспен қамту орталығында «Еңбек» бағдарламасы жөнінде де толық мағлұмат беріледі. «Кәсібімді кеңейтемін» деген бизнес өкілдері үшін 20 млн теңгеге дейінгі жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар. Ал кәсіп бастауға ниеттенген жастар 505 теңгенің грантын иелене алады. Ол үшін алты айлық дайындық курсын оқып, өзінің жобасын ұсыну керек.
Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон