Елордада ахуалдық орталық құрылды
«Қалада эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып бірқатар шешім қабылданды. Біріншіден, жедел медициналық көмек базасында байланыс орталығы құрылды. Онда дереу талдау жасалып, кеңес беру қызметі көрсетіледі. Бұл күніне шамамен 500 өтінімді құрайды. Сондай-ақ қалалық аумақтық емханаларда жауапты тұлғалармен байланыс орталығы құрылды. Олар туралы ақпарат интернет-ресурстарда қолжетімді. Қаламыздағы iKomek ақпараттық орталығында медициналық ұйымдардың әр басшысына арналған мобильді қосымшалар бар. Өтінімдер бірден олардың мобильді қосымшаларына түседі», – деп түсіндірді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова.