Хабар телеарнасы

42 500 теңге: 700 мың қазақстандық төлемді проактивті тағайындау үшін SMS-хабарлама алды

Zhardemaky

Осы типті 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұдан бұрын хабарланғандай Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады. Осыдан бір күн бұрын ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға олардың қызметі шілде айында шектеулерге ұшырауы әбден мүмкін екенін, сондықтан төлемді проактивті тағайындау үшін кірісті жоғалту фактісін растау мақсатында SMS-хабарлама жіберілетінін айтты. «Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов төлемдерді тағайындау үшін өтініштерді қабылдау 17 шілдеде басталатынын хабарлады. Порталдар мен Telegram-боттар бүгін күннің екінші жартысында іске қосылады.

Мына арналарды пайдалана отырып өтініш беруге болады:

– egov.kz – «Электрондық үкіметтің» веб-порталы;

–  42500.enbek.kz порталы;

– «Электрондық үкімет» Тelegram-bot;

– Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;

– екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.