Алматыда ақпараттық акция басталды
Осы тектес сөздер жазылған баннерлерді Алматы қаласында көптеп кездестіресіз. 13 шілдеден бастап волонтерлердің ұйытқы болуымен ақпараттық акция басталған болатын. Қазір адам көп жүретін жерлерде бұл шара күн сайын өтуде. Акцияның негізгі мақсаты адамдарға бейқамдықтан арылып, өзінің және жақындарының өміріне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін жете түсіндіру. Қалада әлі де ескертулерді ескермей, санитарлық талаптарды сақтамай жүргендер бар.
Сахи Бекембай, волонтёр:
- Бұл жұмыстың нәтижесі барына біздің көзіміз жетті. Себебі қала тұрғындары біздің таяқшамызды оқыған кезде өз өмірлерін жауапкершілікке алып, бетперделерін тағып, ара қашықтығын сақтауда. Біздің ең бірінші мақсат – қала тұрғындарына пайдалы ақпаратты беру және санитарлық талаптардың сақталуына себепкер болу.
Қалалық әкімшіліктің және Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтіп жатқан шара барысында Алматының барлық ауданында он мыңнан аса ақпараттық баннерлер ілініп, көшеде жүрген әрбір адамға түсіндірме парақшалары таратылды.
Бағдат Келтайұлы, Бостандық ауданы жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің №20 аумақтық кеңесінің төрағасы:
- Бұл жаман дерт ушығып тұрғандықтан, оқшаулау Тұңғыш Президент паркінің ішінде 150 шеңберлер сызылды. Ол жасыл алаңға сызылғандықтан, оның алаңға ешқандай зияны жоқ.
Қоғамдық орындарда және көліктерде ереже сақтамағандарға ескерту жасалып, еріктілер оларға тегін бетперде таратты. «Сондықтан әр адам жауапкершілікті сезініп, жақындарына жанашыр болуы керек», – дейді ұйымдастырушылар.
Авторы: Жандос Айтбайұлы