Хабар телеарнасы

Елордада дәрігерге видеобайланыс арқылы қаралуға болады

Елордада дәрігерге видеобайланыс арқылы қаралуға болады

Бұл жүйе дәрігерлер мен науқастар үшін таңсық дүние емес. Себебі оның жұмыс істеп келе жатқанына бірнеше жыл болды. Енді тұрғындар үйден шықпастан дәрігер кеңесін алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Тіркелу үшін жеке сәйкестендіру, ұялы телефон номерлерін теріп, құжаттың суретін жүктеу керек. Кейін басты бетте «Дәрігерге жазылу» батырмасын басып, өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдайсыз. Белгіленген уақытта сізге дәрігер өзі видеобайланыс арқылы хабарласады.