Хабар телеарнасы

Жаңа оқу жылында колледж студенттерінің қалай оқитыны анықталды

Zhana oqu zhyly

«Колледждерге келетін болсақ, педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша қашықтан оқыту, сондай-ақ технологиялық, аграрлық, медицина, өнер бағыттары бойынша аралас оқыту ұсынылады. Сәйкесінше зертханалық жұмыстар мен өндірістік тәжірбиені штатты режимде жүргізуге мүмкіндік береміз. Мұнда өте аз бала қамтылған, олар өздерінің жұмыс орындарында болады деп жоспарлануда», – деді министр Үкімет отырысында.

Бұған қоса, алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын 9 мыңнан аса студенті бар 102 колледж де штаттық режимде жұмыс істейді.