Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді
Енді бұл мерзім екі аптаға дейін қысқарып отыр. Сондай-ақ конкурстың кезеңдері де азайды. Бұған дейін үш түрлі сынақ жарияланса, қазір үміткерлер тек екі кезеңдік конкурсқа қатысады. Яғни ведомствода бос орын пайда болған кезде конкурсқа сол органның қызметшілері үшін бірінші ішкі конкурс жарияланып, тиісті кандидат табылмаған жағдайда, бірден жалпы конкурс ұйымдастырылады. Мұндай шешім Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес қабылданды. Өзгерістер 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Айта кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметте 90 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың орта жасы 39. Қызметшілердің 56% нәзікжандылар болса, қалғаны ер азаматтар.
Ерхан Таткен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі:
– Бірінші кезең, ол – аталған мемлекеттік органның қызметшілері арасындағы конкурс. Ол конкурста жеңімпаз анықталмаған жағдайда, тікелей барлық мемлекеттік қызметші арасындағы конкурс пен жалпы конкурс біріктірілді.