Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасы «Пәленшеевтер 3» телехикаясын ұсынады

«Демек, көрерменге ұсынылатын қызықты оқиғалар да өзгеше болмақ», – дейді түсірілім авторлары.

«Пәленшеевтер» отбасылық комедиясын түсіру жұмыстары әрдайым қызықты өтеді. Әрине, жаңа маусым жаңа хикаямен басталады. Сериалдың режиссері Шапағат Орынбаевтың айтуынша, сценарийдің өзі өзгеше. Соның аясындағы түсіру  жұмыстары жылдам әрі сапалы жасалуы керек.

Шапағат Орынбаев, режиссер:

- Сериал түсіру мен толық метражды туындының бағыты екі түрлі. Әрине, шығармашыл адам көбіне толық метражды түсіргісі келеді. Сериал түсіруде шектік уақыт болады. Біз осы уақытта туындыны толтырып үлгеруге тырысамыз.

Шаңырағы шаттық пен берекеге толы отбасына ауылдан қонақтар көп келеді. Әрине, әрқайсының өз мінез-құлқы, оқиғасы бар. Қонағын құт көрген шаңырақ, өзара келеңсіз жайттарды да ақылмен шешудің жолдарын көрсетеді. Бірақ мұнда философиялық диалогтан гөрі көрерменді күлкіге қарық қылар әзіл шыны аралас әңгіме көп.

Жасұлан Базарбек, актер:

- Қазіргі елімізде болып жатқан карантинге байланысты сценарий сәл ауысты. Бұрын І, ІІ маусымда көшенің бойында көп түсетін сахналарым көп болатын еді. Карантинге байланысты қазір көбі екі адамдық диалог ұйымдастырады. Осындай өзгерістер бар.

Комедия жанрындағы телехикая 30 бөлімнен тұрады. Әр бөлімдегі оқиғалардың толық нұсқасын жақында «Хабар» арнасының жаңа маусымынан көре аласыздар!

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов