Монополияға тұсау салатын кез келді
Бәсекенің жоқтығынан энергетика көздері электр жарығы, су, жылу, газ тарифі қымбат. Әуе тасымалында да билет арзандамай тұр. Бұл халықтың әлеуметтік ахуалына кері әсерін тигізіп отыр. «Сондықтан Президенттің Жолдауындағы монополияны қатаң қадағау мен отандық тауар үлесін арттыру туралы айтқандарын іске асыру өте маңызды», – дейді экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов.
Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы:
- Мысалы біз 150 мың тонна тауық етін сырттан әкелеміз. Өзімізде бәрі бар. Неге кәсіпті өзімізде ашпасқа?! Диверсификацияға көңіл бөлуіміз керек. Ол уақытша емес нақты жұмыс орнын әкеледі. Оларға кадр дайындап, осы бағытты дамытуымыз керек.