116 ауылды дамытуға 7 млрд теңге бөлінді
Бұл «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына енген 116 елді мекеннің инфрақұрлымы мен әлеуметтік нысандарын жөндеуге жұмсалмақ. Әсіресе шалғай ауылдарға ауызсу құбырын тартып, жолын жөндеуге басымдық берілмек. Сондықтан былтыр басталған бағдарламаның өңірде қалай орындалып жатқанын осы салаға жауапты басқарманың басшысы «Ауыл» халықтық демократиялық партиясының өңірдегі белсенділері алдында есеп берді. Ал жиынға қатысқан партияның жақтастары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мәселесін көтерді. Сонымен қатар аграрлық сала техникаларын жасап жатқан отандық кәсіпорындар өндірісті арттырып, шаруаларға жеңілдік жасауы қажет деген ұсыныс жасалды.
Фарид Әбітаев, «Ауыл» ХДП облыстық филиалының төрағасы:
- Ауыл шаруашылығы техникаларының бағасы шамадан тыс шарықтауы – ең басты мәселе. Президенттің өзі осы саладағы техникалар қол жетімсіз екенін айтып отыр. Ал қазір еңбек өнімділігін арттыру – негізгі мәселе. Сол үшін үлкен өзгеріс қажет.