Коронавирусты үйден емдеу үшін 1 млн адамға тегін дәрі-дәрмек беріледі
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының қайтадан өршіп кетуіне жол бермеу үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылданған. Аймақтар дәрі-дәрмектің 91 түрі бойынша құны 14 млрд теңгелік қосымша заттарға өтініш жасады. Коронавирус бойынша дәрі-дәрмек қоры да жиналды. 11,4 млрд теңгеге дәрі-дәрмегі тиеліп, аймақтарға жеткізілген. Өңірлердің бәрінде қажетті дәрі-дәрмектер бойынша қосымша тұрақтандыру қорлары құрылды. Амбулаториялық деңгейде берілетін дәрі-дәрмектің тізімі де ұзартылды. Сондай-ақ министр оқу жылы басталғалы бері 104 оқушының коронавирус жұқтырғанын айтып өтті. Оның 33-і – кезекші сыныптарда оқитын балалар.