Таразда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш тақтасы орнатылды
Игі шара «Шынның жүзі – Шераға» атты облыстық жыр мүшайрасы мен бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде жалғасты. Байқауға жалпы 29 ақын қатысып, онлайн ұйымдастырылған шараны қорытындылай келе үздіктер марапатталды.
Мейрамбек Төлепберген, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Шерағаның мына кішкентай ғана тақтада тұрған суреті және сол кісі туралы кішкене қысқаша мәліметтің өзі – мәңгі өшпес тарих. Сондықтан да өшпес із қалдырған Шераға рухани абыз, қазақ журналистикасының атасы, әлем әдебиетінің антологиясына енген тұлға ретінде мәңгі елдің есінде сақталады.