Сенат төрағасы Ватиканның Қазақстандағы өкілімен кездесті
Жалпы биыл Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 28 жыл толыпты.
Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенді қабылдады. Сенат төрағасы елімізде бейбітшілік пен екіжақты келісімді қамтамасыз етуде Иудей қауымы мемлекеттің маңызды серіктесі екенін және аталған дін өкілдері елімізде мәдениет пен руханияттың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.
Орайлы сәтті пайдаланған Сенат төрағасы Қазақстандағы барша еврей қауымын Суккот мерекесімен құттықтады.