«Ауыл» партиясының өкілдері қарттарды құттықтады
Жалғызбасты қарияларға дастархан жайып, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ партия мүшелігіндегі шаруалар қарттар үйін жыл бойы азық-түлікпен қамтуға уәде етті.
Темірғали Әлжанов, «Ауыл» ХДПП мүшесі:
- Павлодар облысындағы шаруа қожалықтары, жеміс, көкөніс өсіретіндері түгел өздеріне міндеттеме алды. Бұл – қуанышты жағдай. Партия мүшелері шешім қабылдады. Жалпы «Ауыл» партиясы кейінгі кездері көп жұмыс атқарып жатыр. Жетім-жесір, қарт кісілерге көп көңіл аударуда.