Петропавлда халықаралық әуежай мемлекет меншігіне өтеді
Пандемия салдарынан жолаушылар саны күрт төмендеп кеткен. Қазір еліміздің солтүстігінен ұшақ қатынасы тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ғана жүзеге асырылуда.
Кәсіпорынның жұмысшылар алдында да берешегі бар. Мәселен, бүгінгі күнге дейін 90 қызметкерге қарызы 24 миллион теңгеден асқан. Аэропорт басшылығы бұл шығындарды өтеуге қауқарсыз. Осыған байланысты стратегиялық маңызы бар нысан енді мемлекеттің меншігіне өтпек. Оның үстіне қыркүйек айында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары мұнда тексеріс жүргізген. Нәтижесінде бірнеше заңбұзушылық та анықталыпты.