Ақтөбеде автобус аялдамаларының жағдайы сын көтермейді
Қала көшелері бойында орналасқан қоғамдық көлікті күту орындары қираған немесе шаңнан көрінбейді. Әйнек пен қаңылтырдан жасалғандары жазда аптап ыстықтан, ал қыста аяз бен желден қорған бола алмайды. Кейбіреуінің ішінде тұрудың өзі қауіпті. Бұл мәселеге қатысты әлеуметтік желілер күн сайын тұрғындардың арызына толы. Облыс орталығындағы жылы аялдамалар санаулы ғана. Олардың өзі жеке кәсіпкерлерге бөлінген жер телімдерінде. Жергілікті билік тек бизнес өкілдерінің қатысуымен ғана қираған аялдамаларды ретке келтіруге қауқарлы. Себебі желтоқсан айында тағы 35 нысанға байқау жарияланады екен.
Ислам Ізбасқанов, Ақтөбе қалалық Жер қатынастары бөлімі жетекшісінің орынбасары:
– Жылдың басында бізде екі аукцион өткізілді. Соның ішінде 9 жер учаскесін қатысушылар алды. 8-і бүгінде ашылды. Тағы біреуі қазір құрылысты бітірейін деп жатыр. Жақында ашылады. Сол аялдаманы бітіргенде акт ввода в эксплуатацию қойып, бізге тапсырады. Біз 20 жылға арендаға береміз.