Хабар телеарнасы

Павлодарда қаласында күн сайын 15 құқықбұзушылық тіркеледі

Олардың көбі жол ережелерін бұзуға қатысты болып шықты. Бұл өткен жылғы кезеңге қарағанда айтарлықтай аз. Қазіргі уақытта, яғни карантиндік шектеу шаралары енгізілгелі патрульдік полиция қызметінің 150 маманы күнбе-күн қызмет атқарады.

Бүгінде карантин режимі ережелерін сақтау бойынша алдын алу шараларына басымдық берілген. Полицейлер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Патрульдеу барысында күн сайын кем дегенде 15 құқықбұзушылық тіркеледі. Соңғы уақытта мәселен, 49 ұсақ ұрлық тіркеліп, олардың тең жартысы ашылған.

Берік Саханов, облыстық ПД патрульдік қызметінің аға инспекторы:

– Осы қызметке сегіз жыл бұрын келдім. Сол сәт пен бүгінгі күнді салыстырсақ, бізге деген халықтың сенімі артты. Қазіргі уақытта күшейтілген режимдегі қызметтеміз. Қорғаныш құралдарымен толық қамтылдық.