«Удачная сделка» бағдарламасы тағы бір алматылықтың бағын ашты
Бұл жолы жобадан қомақты соманы еншілеген тағы бір миллионер анықталды. Галина Бражникованың бағы мен бабы қатар шауып 1,5 миллион теңгені қанжығалады.
Жеңімпаз додаға кездейсоқ келгенін айтады. Кастингтен өткенімен, жұлдызы жанады деп ойламаған екен. Айта кетейік, «Удачная сделка» бағдарламасы дүйсенбі мен жұма аралығында «Хабар» аранасында сағат 18.00-де көрсетіледі. Сайыстан сүрінбеген азамат 3 миллион теңгені олжалайды. Ал бүгінгі жеңімпаз Галина өз ұтысына би студиясын ашуды жоспарлап отыр.
Галина Бражникова, жоба жеңімпазы:
– Мен 500 мың теңге ұтсам да риза болатын едім. Әуел баста кастингтен өткен кезде менен қандай соманы қанжығалайсың деп сұраған. Мен 1,5миллион теңге деп айтқан болатынмын. Солай болды, міне. Өзім күтпедім. Әлі уақытқа дейін таң қалып тұрмын. Қуанышымда шек жоқ.