Балқашта жолбарысты қайта көбейту қолға алынды
Сирек аңның тұқымын қалпына келтірудің алдағы 15 жылға арналған жоспары әзірленді. Алдымен Балқаш көлінің оңтүстігінде оған мекендеуге қолайлы жағдай жасалады. Қазір аймаққа Бұқар бұғылары әкелініп, жергілікті түз тағыларының қорегі көбейтіледі. Табиғи қорғалатын өңірде жабайы аңнан қасқыр, қабан, сілеусін, түлкі, қарсақ, қоян мен қырғауыл, қарақұйрық бар. Жолбарыстың өзі бұл маңға тек 2025 жылы ғана әкелінбек. Ал жалпы аумағы 400 мың гектарды алатын Іле-Балқаш табиғи қорғалатын аумақта бұғы мен өзге де жабайы аңдардың санын арттыру үшін ең алдымен қолайлы жағдай жасалуы тиіс.