Петропавлда көпқабатты тұрғын үй орналасқан жер сатылып кеткен
Көпқабатты үйде тұратын 90 адам бірнеше жыл бойы салық төлеп келсе де, меншік құқығынан айырылып қалды. Ал шағым түскен құзырлы органдардан еш нәтиже жоқ деседі. Енді соңғы шешім заң төрелігін реттейтін саланың мойнында. Пәтер иелері болса: «Тапа-тал түсте тоналғандай әсердеміз, мұның мәнісін түсіндіретін кім бар?», – деп мұңын шағуда.
Тамара Воробьёва, қала тұрғыны:
- Бұл жердің пайдалану мақсатына шектеу қойылған. Ол осында тұратын әр адамның үлесінде. Заң бойынша көпқабатты тұрғын үй орналасқан жер мүлде сатылмауы тиіс. Бізден ешкім де сұраған жоқ.