Хабар телеарнасы

«Хабар» телеарнасында «Текетірес» телехикаясы көрерменге жол тартты

Негізгі оқиға Сирияға аттанған арнайы топтың айналасында өрбиді.

Иран мен Ирактың шекарасында жарылған ұшақтан бас кейіпкер Қорлан аман қалады. Құрбысының кеңесімен Сирияда қалған ол құпия агент болып, аса қауіпті террористерді жою туралы арнайы бөлімнің тапсырмасын орындайды. 15 бөлімнен тұратын шиеленіске толы фильмнің бірінші бөлімі 22:10-да басталады.

Әйгерім Қайратқызы, актриса:

– Бұл сериалда Фатима деген кейіпкерді, осы Қазақстаннан Сирияға сатып жіберген, сатылып кеткен қыз жайлы сомдаймын. Бұл роль үшін көптеген фильмдер қарадым. «Ютубтан» осы Сирияға барып келген қыздардың тағдырын зерттедім. Интервьюларын қарадым.