Ертіс өңірінің полицейлері «Ақиқат» бағдарламасын енгізді
Тәртіп сақшылары «Ақиқат» атты бағдарламаны енгізіп, жемісін көре бастады. Осы уақытқа дейін жалған ақпаратты анықтайтын детектордың көмегімен 54 қылмыстық істің жартысы ашылған. Арнайы жүйе адамның физиологиялық әрекеттерін электрондық форматқа ауыстырып, кейін өңдеуге мүмкіндік беруде. Криминалист-мамандардың айтуынша, детектор арқылы зерттеу жүргізілмес бұрын, қылмысқа қатысы бар адамдардың рұқсаты алынады. Қазіргі таңда осы жүйені небәрі үш маман меңгеріп, өзге облыстардағы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетуде.
Юрий Духновский, облыстық ПД Жедел-криминалистік басқармасының криминалисі:
- Құралдың көмегімен адамның демалуы, саусақтарының қозғалысы, қан айналымы сияқты физиологиялық белгілерді анықтаймыз. Бұл белгілер арқылы оның жалған ақпарат беріп жатқанын көруге болады. Күдіктілердің қатарында өтірік айтатындар кездесіп жатады. Бүгінгі күнге дейін тергелген қылмыстардың көбі ауыр дәрежедегі істерге жатады. Мәселен, адам өлтіру, зорлау, қарақшылық сияқты қылмыстарды тергедік.