Қазақстан тарихы әлі терең зерттеуді қажет етеді
Бұл туралы Еуразиялық интеграциялық институт ұйымдастырған шара барысында айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын талқылау кезінде тарихты біріздендіру мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. «Көптомдыққа сүйеніп, оқулық жазуға да болады. Сол арқылы жас ұрпақтың санасына тәуелсіздіктің қадірін сіңіре аламыз», – дейді жиынға қатысушылар.
Роза Мұқанова, жазушы-драматург:
- Одан кейін тарихи дүниелерді, тақырыптарды қолға алуымыз керек. Кино, әдебиет жағынан дамыту қажет. Осы мәселе қаламгерлердің алдындағы үлкен жауапкершілік деп ойлаймын.