COVID-19: Ертіс өңірінде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Сала мамандарының айтуынша, коронавирустық инфекцияның күрт таралуына азаматтардың санитарлық ережелерді сақтамауы себеп. Сонымен қатар тиісті бақылаудың әлсіздігінен вирус жұқтырғандардың саны артқан.
Ақмарал Есімханова, тілші:
- Облыстағы жағдай күрделеніп барады. Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың 148-інде ауру белгілері анықталған.
Бүгінгі таңда стационарлық деңгейде 587 азамат емделіп жатыр. 18 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бесеуі жасанды демалу аппаратына қосылған. Стационардағылардың оны бала болса, сегізі жүкті әйел. Ақпанның басында өңірге COVID-19-ға қарсы екпенің алғашқы легі әкелінеді.
Ерғалы Асылбек, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:
- Медициналық вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыштармен қамтылған. Медициналық қызметкерлер арнайы оқудан өтіп жатыр. Яғни вакцинаның дозалар әкелгеннен кейін алғашқы легін бастайды. Павлодар облысы бойынша алты вирусологиялық зертхана жұмыс атқарады.
Ақмарал Есімханова, тілші:
- Дерт Ақмола облысында да өршіп барады. Бір күнде 215 адам ауруға шалдықты. Олардың қатарында өкінішке қарай әріптестеріміз де бар. Қазіргі уақытта тілшілер қосыны карантинде.
Дамир Берікұлы, «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі:
- Облыс орталығындағы жағдай да қиын болып отыр. Біздің операторларымыздың бірі вирусты жұқтырып, қазір ем алуда. Соның салдарынан бізге де кешеден бері 14 күнге оқшаулануға тура келді. Яғни карантиндеміз. Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды. Сараптама нәтижесі жақсы шықса деп тілеп отырмыз. Сондықтан баршаңыз өз денсаулықтарыңызға абай болғайсыздар, көпшілік ортаға бармауға кеңес береміз.
Ақмарал Есімханова, тілші:
- Ел Президенті Үкітеттің кеңейтілген отырысында облыс басшылығына эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шара қолдануға тапсырма берді. Әзірге аймақта дерттің таралуын тоқтату үшін карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Облыста демалыс күндеріне локдаун жарияланды.