Қазақстандық вакцина несімен тиімді?
Көпшіліктің көкейінде жүрген бір сұрақ – қазақстандық вакцина несімен тиімді? Бұл сұраққа Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі Әлім Акімбаев жауап берді.
Сарапшы отандық QazCovid-in екпесін таңдайтындығын айтты. Өйткені бұл екпе көп жылдар бойы зерттеліп, сыналған технологиямен әзірленген. Сәйкесінше адам ағзасы үшін қауіпсіз. «Жалпы сапалы вакцинада міндетті түрде кері әсер байқалады», – дейді, ол. Ол дене қызуының көтерілуі, ине салған жердің ауырсынуы сияқты белгілер. «Отандық вакицинада коронавирустың антигені толық сақталғандықтан, ол вирустың кез келген түріне қарсы тұра алады», – дейді Әлім Акімбаев.
Әлім Акимбаев, ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ғылыми кеңесшісі:
– Мен патриот ретінде емес, вакцинациямен айналысқан маман ретінде қазақстандық вакцинаны таңдаймын деп айта аламын. Неге? Өйткені ол – инавктивация жасалған вакцина. Ол сақтау мен тасымалдау кезінде температуралық режимді қатаң сақтауды талап етпейді. Яғни қарапайым үйдегі тоңазытқышта да сақтауға болады. Демек суық тізбек Қазақстанда шалғайдағы ауылдарда да бар деген сөз. Ал ресейлік вакцина болса 20 градусты талап етеді. Егер бұл температура бұзылса, екпенің сапасы да төмендейді.