Павлодар облысында 28 елді мекен су астында қалуы мүмкін
Олардың 17-сіне еріген қар суынан, қалғанына табиғатты қорғау мақсатындағы су босату кезінде қауіп төнуі мүмкін. Әзірге жағдай тұрақты. Дегенмен сәуір айында күн күрт жылынады деген болжам бар. Сондықтан аймақтағы су басуы ықтимал елді мекендер құтқарушылардың бақылауына алынды. Су астында қалуы ықтимал жол учаскелері де бар. Нақтырақ айтқанда, қазір Баянауыл ауданының, Сәтбаев ауылдық округі, «Қалқаман-Үміткер-Ульяновск» жолын жыл сайын су шаяды. Қазір сол жерде көпір салынып жатыр. Әр ауыл бақылауға алынған. Ал қала-аудандарда шұғыл штабтар құрылған.