Отандық QazVac вакцинасының тиімділігі 96% көрсетіп отыр
Себебі вакцина инактивтелген вирустан жасалатындықтан, құрамында барлық белоктың спектрі сақталады. Бүгінде отандық екпенің тиімділігі 96% көрсеткен. Сынақтардың үшінші фазасы 9 шілдеде аяқталады деп жоспарланып отыр. QazVac вакцинасын әзірлеу барысында 60 жыл бойы қолданылған технология пайдаланылды. «Сондықтан оның барлық компоненті сенімді», – дейді ғалымдар.
Күнсұлу Закарья, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
- QazVac-тың ерекшелігі – бұл толық 60 жыл бойы зерттелген. Оны бірнеше ұрпақтар өткізген. Біздің аталарымыз, әкелеріміз, тіпті өздеріміз және балаларымыз бұл технологиямен таныс. Оның ішінде құрам бөліктері қауіпсіз. Бұның әсер ету тетігі де тексерілген. Сондықтан да бұл міндетті түрде иимунитетті көрсетеді, иммунитетті тудырады және қауіпсіз вакцина болып табылады.