Мақсұт Жұмаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Гималайдың Лобуче шыңын бағындырды
«Шың мен ту. Біз кім үшін немесе не үшін өмір сүреміз? Біз өзіміз жолды таңдаймыз ба әлде жол бізді таңдай ма? Мен қазір шыңның үстінде тұрмын, қолымда ту, жүрегім қатты соғуда, ал менің жаным қазір Эверест шыңында. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнадым. Бұл көп пе аз ба? Қазіргі заманауи цивилизациямен салыстырсақ, аз. Алайда әркім өзіне ненің көп екенін өзі шешеді», - деді альпинист өзінің Facebook-тегі парақшасында.