БҚО-дағы улы түтін қолқаны қабады
Маңайдағы ірі кен орындарынан шыққан улы түтін қолқаны қабады. Жергілікті әкімдік өкілдері мұндай келеңсіздік жылма-жыл қайталанатынын және ауаны Ресей компаниялары ластап отырғанын айтты. Ал іргедегі Қарашығанақ кенішінен келетін қауіп жоқ көрінеді. Бір апта бұрын «Қазгидромет» мамандары ауылға ауа құрамын бақылайтын бекет орнатқан. Арнайы құрылғы әрбір 20 минут сайын тіршілік көзінің сапасын автоматты түрде тексереді. Мамандар әзірге улы химикаттар байқалмағанын хабарлады.
Әзизхан Зарифов, Бөрлі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:
- Бұл – «Қазгидрометтің» есебінен қойылған бекет. Қазіргі таңда шектен шыққан жоқ. Ондай жағдайда бізге міндетті түрде ескертеді. Анықталса, әрі қарай жұмыс істейміз.