Шымкентте азық-түлікті жасырын өндіретін цех әшкереленді
Сондай-ақ контрафактілік өнім еліміздің басқа да аймақтарына жөнелтілген болып шықты. Құзырлы органға өндіріс нормаларына сай келмейтін тауар түрін қолданғандардан арыз түспеген. Сапасыз тауарларды қанша адам сатып алғаны да белгісіз. Брендтің құқықтық иелері бұл өнімді сауда сөрелерінен байқап, құқық қорғау органдарына жүгінген. Жергілікті кәсіпкер 5 мың қорап дәмдеуіш пен 8 151 қорап құрғақ сүт өндіргені белгілі болды. Мамандар оның құрамында нақты қандай зиянды қоспалар болғанын нақтылаған жоқ. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Тауар жойылып, кәсіпкерге айыппұл салынды.
Айнұр Исабекова, Әділет департаменті басшысының орынбасары:
- Мұндай факт Әділет департаментінің тәжірибесінде жыл басынан бері бірінші рет орын алып отыр. Ол өнімдер адам өміріне қаншалықты әсер ететіні, тиісті стандарттарға сәйкес келетіні туралы ешкім жауап бере алмайды.