Алматыдағы Надежда Красноярованың остеопатиялық медицина орталығы арнайы марапатқа ие болды
Дәрігерлерімізге арнайы сыйлық Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық одақ кәсіпкерлерінің халықаралық конгресінде табысталды. Медициналық орталықтың президенті Надежда Красноярованың айтуынша, осы күнге дейін отандық медицина саласында аталған премияны ешкім алмаған.
Остеопатия – әлемдік медицинаның альтернативті саласы саналады. Мамандардың айтуынша, массаж арқылы емдеу ерте заманда пайда болғанымен, әлі күнге дейін тиімді. Надежда Красноярованың остеопатиялық орталығы 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы күнге дейін көптеген дімкәстарды аурудан айықтырған.
Надежда Красноярова, Надежда Красноярованың остеопатиялық медицина орталығының президенті:
- Біздің орталық остеопатиямен емдейді. Остеопатия – адамның денсаулығына жауапты және шығыс медицинасының бір тармағы. Әр адам өзінің денсаулығын өзі шыңдауы керек. Остеопатия адамның өміршеңдік қуатын арттыруға бағытталған, ал біз соған көмектесеміз.
Тәжірибелі маманның айтуынша, остеопатия адам ағзасындағы ауруды сол адамның бойындағы қуаты арқылы емдейді. Яғни остеопатия адамның ішкі қуатын күшейтіп, ағзаны дамыту. «Біз арнайы массаж арқылы соған жол ашамыз», – дейді Надежда Красноярова. Орталық мамандары еліміздің өзге өңіріндегі және шет елдердегі әріптестерімен кездесіп, тәжірибесімен бөлісіп отырады.
Надежда Красноярова, Надежда Красноярованың остеопатиялық медицина орталығының президенті:
- Біздің орталыққа әлемдегі ең мықты мамандар шақырылып отырады. Біздің емдеу орталығымызға Ресей, Франция, Чехия, Жаңа Зеландия, Израиль елдерінің мамандары келіп, тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Олар біздің дәрігерлерді мануальды ем мен остеопатияға үйретеді.
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық кәсіпкерлер конгресінде Надежда Красноярованың орталығы «Бизнес-тримуф» премиясымен марапатталған. Бұл – 10 жылдағы еңбектің жемісі. Орталық осы премияны алған еліміздегі алғашқы медициналық мекеме саналады.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев