Хабар телеарнасы

Сұйытылған газ бағасын көтерген 180 кәсіпкер тергеліп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газды сатумен айналысатын 180 кәсіпкерге қарсы тергеу бастады. Бұл сатушылардың әрекеттерінен осы шикізат бағасын белгілеу бойынша өзара келісімге бару белгілері анықталған. Іске қатысты Маңғыстауда 85, Атырауда 22 кәсіпкер тергеліп жатыр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында нарықтың 4 субъектісі бұл шикізат құнын 5,3 процентке көтеріп сатқаны анықталып отыр. Тергеулердің нәтижесі 20 күннің ішінде белгілі болады.