Маңғыстауда жүргізушілер жол ережесін бұзған
Жүргізушілер жол ережесін бұзған. Бұл туралы өңірдің коменданты Жанарбек Бақтыбаев хабарлады.
Айта кетейік, облыста 8 блокбекет, оның ішінде Ақтау қаласы бойынша 5 бекет жұмыс істеп тұр. Тәртіп сақшылары әр көлікті жіті тексереді. Кешкі сағат 19:00-ден кейін қаруланған полиция мен әскерилердің күшейтілген жасағы патрульде жүреді.
Жанарбек Бақтыбаев, Маңғыстау облысының коменданты:
- Жеке куәлігі болмаған және мақсатсыз жүрген 13 жас азамат анықталып, оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қалған азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біздің басты мақсатымыз – көшедегі тәртіпті қамтамасыз ету, әрбір тұрғынға назар аудару. Полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарайтын және коменданттық сағат режимін қатаң сақтайтын азаматтарға ерекше алғысымды білдіргім келеді.