Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, Қазақстан бойынша тұман, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі. Тек батыста, оңтүстік-шығыста, сондай-ақ 24 қаңтарда елдің орталығы мен шығысында, оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын болады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді.
Республиканың батысындағы ауа температурасының негізгі аясы: түнде 3...18 аяз, күндіз 1...13 аяз, Маңғыстау облысында күндіз 2...7 жылы болжанады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 18...28 аяз, күндіз 10...20 аяз болады. Орталық пен шығыста түнде 8...26 аяз, күндіз 5 ... 20 аяз. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 2-20 аяз, күндіз 5 аяз-5 жылы сақталады.