Хоум Кредит Банк жедел жәрдем қызметкерлеріне униформалар табыстады
Қызметтік киімді отандық дизайнерлер жасаған. «Қаңтар оқиғасы кезінде жедел жәрдем қызметкерлері қауіп-қатерге қарамастан өз міндетін абыроймен атқарды. Алғыс ретінде осындай тарту жасадық», - дейді банк басшылығы.
Жаңа медициналық киім жедел жәрдем қызметкерлерінің көңілінен шықты. Табиғи матадан тігілген арнайы киім жазда терлетпейді, қыста жауратпайды. Қызметкерлердің айтуынша ескі киім тез тозатын еді. Ал қызыл түсті жаңа үлгісі әлдеқайда сапалы көрінеді.
Алтай Қайратұлы, фельдшер:
- Киімнің денені терлетпеуіне біз үшін өте маңызды. Сондай-ақ кейде түнде жұмысқа шыққанда формамыз көрінбей қалып жатады. Жаңа киімдерде ол жағы ескерілген екен. «Хоум Кредит Банк»-ке алғыс айтамыз.
Жедел жәрдем қызметіндегі диспетчерлер де назардан тыс қалмады. Күнара кезекшілікке түсетін қызметкерлер үшін бұл сыйлықтың орны бөлек.
Ербол Сәрсенбаев, Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің директоры:
- Менің ойымша, арнай киім формасы сәтті шыққан. Қызметкерлерге ұнады. Жедел жәрдем қызметі ұжымының атынан банк басшылығына рақмет айтамын.
Кирил Бачваров, «Банк Хоум Кредит» АҚ басқарма басшысы:
- Мен жедел жәрдем қызметкерлерін құрметтеймін. Бұны жай ғана қызмет емес, нағыз өмірлік ұстаным деп атасақ орынды. Осы абзал жандардың жанкештілігінің арқасында біз қауіпті індетті жеңе алдық. Сондықтан дәрігерлерге алғыс айтуға осындай мүмкіндік туғанына қуаныштымын.
Жалпы «Банк Хоум Кредит» екі мыңнан астам арнайы киімді сыйға тартты. Банк еліміздегі денсаулық сақтау саласына әрдайым қолдау көрсетеді. Екі жыл бұрын «COVID-19»-ға қарсы ғаламдық күрес жүргізу аясында банк еліміздегі медициналық мекемелерге 130 мыңға жуық бетперде таратқан.
Авторлары: А. Садуақас, В. Лобанов