Референдумға бөлінген 16,4 млрд теңге қайда жұмсалады?
Оған ел қазынасынан 16,4 млрд теңге қаражат бөлінетінін білеміз. Енді осыншама қаражат қайда жұмсалады? Бұл жөнінде Орталық референдум комиссиясы түсініктеме берді. Айтуларынша, қаржының басым бөлігі аумақтық және учаскелік комиссия мүшелерінің еңбекақысына бөлінеді. Тағы үгіт-насихат жұмыстарына және дауыс беру орындарын техникалық-материалдық жабдықтауға жұмсалады.
Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі:
- Осы соманың 21% дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалады. Атап айтқанда, учаскелік және аумақтық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету, баспа өнімдерін дайындау. Сондай-ақ бүкіл ел бойынша ақпараттық билбордтар дайындау және орналастыру жұмыстары бар. Ал қалған 79% учаскелік және аумақтық комиссия мүшелерінің жалақысын төлеуге жұмсалады. Жалпы бізде 71 мың адам жұмыс істемек.