ШҚО-да көшкін қаупі күшейді
Шығыс Қазақстанда тау беткейіндегі қарды түсіру жұмыстары басталып кетті. Самар, Ұлан аудандарында қардың қалыңдығы 70 сантиметрге жеткен. Қауіптің алдын алу үшін 3 мың текше метрге жуық ұлпа шығарылды. Жалпы өлкеде көшкін жүруі мүмкін деген 500-ге тарта учаске бар. Соның 300-ден астамы құтқарушылар бақылауында. 100 шақырымға жуық жол бойында да қатер көп. Сол себепті қазір арнайы топ әр бағыттағы қар қабаты туралы ақпарат жинақтап, орталыққа жеткізеді. Алдағы уақытта Өскемен-Алтай жолында және Таулы Үлбі бағытында қауіпсіздік жұмыстары жүргізіледі.
Советбек Станбеков, «Қазселденқорғау» ММ ШҚОФ басшысы:
-Үлбі аумағында бізде 26 қауіпті қар көшкіні ошақтары орналасқан, сонымен қатар сол жерде шаңғы базалары, туристік демалатын орындар бар. Екі мыңға дейін адам демалады. Сондықтан біз 26-ы сол таулы Үлбіде қар көшкінін, өздігінен түсетін қар көшкінін алдын алу профилактикалық жұмыстарын жүргізетін боламыз.